"Қорғаушыға тән жақсы техникасы бар". "Қайраттың" бұрынғы бапкері Әліптің "Зенит" сапында доп тебе алатынына сенімді

©ticketon

"Қайрат" клубының бұрынғы бас бапкері Андрей Карпович ұлттық құрама қорғаушысы Нұралы Әліптің "Зенит" сапына қаралымға келгеніне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

"Мен Нұралымен "Қайратта" жұмыс істегем. Оның мықты тұстарының бірі ретінде – орталық қорғаушы үшін керемет жылдамдығын айтар едім. Қорғаушыға тән жақсы техникасы бар. Ақылды ойыншы. Алаңды көре біледі. Шабуылға жақсы араласа алады. Ол ресейлік командада тәжірибелі Ракицкий мен Ловрен сынды қорғаушылармен бәсекеге қаншалықты түсе алады? Былай алып қарағанда ол жоғарыда атап өткен ойыншыларға қарағанда жасы кіші, болашағынан үміт күттіретін футболшы. Тек солардың атақ-даңқынан қорықпаса болғаны. Нұралы Әліп қазіргі таңда біздің елімізде маңдай алды ойыншылардың бірі. Оның топ командаға қаралымға келгеніне таң қалмадым. Бұл тек уақыттың еншісінде болған нәрсе. Нұралының потенциалын ЦСКА-да доп тебетін Бахтиер Зайнутдиновпен салыстырар едім. Әрине, алаңда екеуінің позициясы екі түрлі. Бірақ Әліп те ресейлік клубта өнер көрсете алатынана сенімдімін", - дейді Карпович.

Еске салайық, "Қайрат" қорғаушысы Нұралы Әліп қазіргі таңда "Зенит" клубының қаралымында. Ол ресейлік командамен бірге оқу-жаттығу жиынында жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии