Көптен күткен жеңіс! Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасынан басым түсті

©kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Тәжікстан ойыншыларын ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Астана Аренадағы" кездесуде Талғат Байсуфинов жігіттері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голдың авторы Бахтиер Зайнутдинов. ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы 12-минутта тәжік қақпашысының өрескел қателігін пайдаланып есеп ашты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы соңғы рет 2020 жылдың 4 қыркүйегінде УЕФА Ұлттар Лигасында қонақта Литваны 2:0 есебімен ұтқан болатын.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: