Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Тәжікстан ойыншыларын ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Астана Аренадағы" кездесуде Талғат Байсуфинов жігіттері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голдың авторы Бахтиер Зайнутдинов. ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы 12-минутта тәжік қақпашысының өрескел қателігін пайдаланып есеп ашты.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы соңғы рет 2020 жылдың 4 қыркүйегінде УЕФА Ұлттар Лигасында қонақта Литваны 2:0 есебімен ұтқан болатын.