"Көпшілік таңданды". Роналду Месиимен достық және қарым-қатынас туралы айтты

18 қыркүйек 2019 12:00
© Eurosport
Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Good Morning Britain бағдарламасы үшін журналист Пирс Морганға берген сұхбатында "Барселона" форварды Лионель Мессимен қарым-қатынасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды The Sun.

- УЕФА-ның салтанатты шарасында онымен сөйлескенімде көпшілік таңданды. Дос емеспіз, бірақ, 15 жыл сахнанаы бөлісіп келеміз. Қарым-қатынасымыз жақсы. Ол мені ойыншы ретінде жетілуге мәжбүрлейтінін білемін, ал мен оны итермелеймін. 

- Ол сіз қарсы ойнауған футболшылардың ең мықтысы ма?
- Иә! Әлбетте, - дейді Роналду.

2008 мен 2017 жылдары Месси мен Роналду ғана "Алтын допты" иеленіп келген - әрқайсында бесеуден.

Потугалиялық 2009 бен 2018 жылдар аралығы мадридтік "Реал" сапында ойнады. Ал аргентиналық карьерасын тек "Барселонада" өткізіп келеді.
Жаңалықтар