Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Good Morning Britain бағдарламасы үшін журналист Пирс Морганға берген сұхбатында "Барселона" форварды Лионель Мессимен қарым-қатынасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды The Sun.
- УЕФА-ның салтанатты шарасында онымен сөйлескенімде көпшілік таңданды. Дос емеспіз, бірақ, 15 жыл сахнанаы бөлісіп келеміз. Қарым-қатынасымыз жақсы. Ол мені ойыншы ретінде жетілуге мәжбүрлейтінін білемін, ал мен оны итермелеймін.
- Ол сіз қарсы ойнауған футболшылардың ең мықтысы ма?
- Иә! Әлбетте, - дейді Роналду.
2008 мен 2017 жылдары Месси мен Роналду ғана "Алтын допты" иеленіп келген - әрқайсында бесеуден.
Потугалиялық 2009 бен 2018 жылдар аралығы мадридтік "Реал" сапында ойнады. Ал аргентиналық карьерасын тек "Барселонада" өткізіп келеді.