Конференциялар лигасындағы "Тобыл", "Астана" мен "Шахтер" командаларының қарсыластары анықталды

Сурет: УЕФА©

Бүгін, 16 маусымда Швейцарияның Ньюн қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Конференциялар лигасы іріктеуінің екінші айналым жеребесі өтті. Бұл турнирге қазақстандық "Тобыл", "Астана" және "Шахтер" командалары қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сонымен "Астана" грекиялық "Арис" клубымен, "Тобыл" хорватиялық "Хайдук", ал "Шахтер" румыниялық "Стяуа" командасымен кездесетін болды. 

Ойындар 22 және 29-шілде аралығында өтеді.

 

Метки:
Жаңалықтар