Конференция лигасының топтық кезеңіне өткен командалар анықталды

©УЕФА "Твиттер"

Конференция лигасы плей-офф раундының қорытынды матчтері аяқталып, ол бойынша жарыстың топтық кезеңіне өткен командалар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кезеңде Конференция лигасы плей-офф раундында жеңіске жеткен 22 клуб және Еуропа лигасынан шығып қалған 10 команда ойнайды. 

Себет 1: "Вильярреал" (Испания), "Базель" (Швейцария), "Славия" (Чехия), АЗ (Нидерланды), "Гент" (Бельгия), "Истанбул" (Түркия), "Партизан" (Сербия), "Вест Хэм" (Англия).

Себет 2: ЧФР (Румыния), "Мольде" (Норвегия), "Стяуа" (Румыния), "Фиорентина" (Италия), "Кельн" (Германия), "Хапоэль Беэр-Шева" (Израиль), "Аполлон" (Кипр), "Слован" (Словакия).

Себет 3: "Ницца" (Франция), "Андерлехт" (Бельгия), "Жальгирис" (Литва), "Аустрия" (Аустрия), "Хартс" (Шотландия), "Шэмрок Роверс" (Ирландия), "Сивасспор" (Түркия), "Вадуц" (Лихтенштейн).

Себет 4: "Днепр-1" (Украина), "Лех" (Польша), "Словацко" (Чехия), "Силькеборг" (Дания), "Юргорден" (Швеция), "Пюник" (Армения), РФШ (Латвия), "Балкани" (Косово).

Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі бүгін, 26 тамызда тартылады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport