Конференция лигасының өтпелі матчтарында бақ сынайтын жұптар белгілі болды
Бүгін, 13 желтоқсанда Швейцарияның Ньон қаласында Конференция лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Бүгін, 13 желтоқсанда Швейцарияның Ньон қаласында Конференция лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Айта кетейік, плей-офф раундына Конференция лигасының топтық кезеңінде бірінші орын алған командалар тікелей жолдама алды. Олар: ЛАСК (Австрия), "Гент" (Бельгия), "Рома" (Италия), "АЗ Алкмар" (Нидерланды), "Фейеноорд" (Нидерланды), "Копенгаген" (Дания), "Ренн" (Франция) және "Базель" (Швейцария).
Ал екінші орын алған клубтар Еуропа лигасынан түскен командалармен өтпелі матч өткізеді:
"Марсель" (Франция) - "Карабах" (Әзірбайжан)
ПСВ (Нидерланды) - "Маккаби" Тель-Авив (Израиль)
"Фенербахче" (Түркия) - "Славия" (Чехия)
"Мидтъюлланн" (Дания) - ПАОК (Грекия)
"Лестер Сити" (Англия) - "Раннерс" (Дания)
"Селтик" (Шотландия) - "Будё-Глимт" (Норвегия)
"Спарта" (Чехия) - "Партизан" (Сербия)
"Рапид" (Австрия) — "Тоттенхэм" (Англия)/"Витесс" (Нидерланды).
Алғашқы матчтар 2022 жылдың 17 ақпанында өтеді. Ал жауапты ойындар 24 ақпанға жоспарланған.
Жарнама