Бүгін, 16 шілдеде "Елімай" 2026/27 жылғы Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Ереванның "Алашкерт" клубымен өз алаңында ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Семейде өтіп, Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Арменияда өткен алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. 60-минутта Арсен Әшірбек есеп ашқанымен, алаң иелері 86-минутта Давид Тертерянның голының арқасында таразы басын теңестірді.
Алдағы кездесудің бас төрешісі болып Грузия өкілі Алеко Апциаури тағайындалды. Оған Давид Чигогидзе мен Борис Жвания көмекшілік етеді. Төртінші төреші міндетін Цотне Самсонашвили атқарады.
Егер "Елімай" келесі кезеңге өтсе, екінші іріктеу кезеңінде Румынияның "ЧФР Клуж" клубымен кездеседі. Бұл кезеңнің алғашқы матчтары 23 шілдеге, қарымта ойындары 30 шілдеге жоспарланған.
Айта кетейік, бұл Андрей Карпович шәкірттерінің еурокубоктардағы алғашқы маусымы.
Еске салайық, Қазақстанның тағы бір өкілі "Қайрат" Черногорияның "Сутьеска" клубын ұтып, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын.