Конференция лигасындағы "Тобыл" мен "Зриньски" матчі бір минут үнсіздікпен басталады

©"Тобыл" ФК

Бүгін, 11 тамыз күні қостанайлық "Тобыл" Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде "Зринькси" командасын қабылдайды. Бұл ойын бір минуттық үнсіздіктен басталады, деп хабарлайды қазақстандық команданың баспасөз қызметі. 

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Кездеуді мына сілтеме бойынша көре аласыздар. Бұл командалар арасындағы бірінші кездесуде "Зриньски" командасы 1:0 есебімен жеңген болатын. 

"Әрбір жанкүйерді біз ұсынған шараны қолдауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге шар алып келіп, Мадинаны құрметтейік", - делінген клуб таратқан ақпаратта. 

Еске салайық, 7 тамыз күні Қостанай облысы, Жамбыл ауылында бес жасар қыздың жоғалып кеткені анықталды. Содан кейін көптеген адамдар оны іздеуге кірісті. Кеше іздеу жұмыстары аяқталды. Қостанай облысы Полиция департаментінің ақпараты бойынша, қыз суға батып кеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар