Конференция лигасындағы "Тобыл" мен "Қызыл-Жар" матчтері Қазақстанда тікелей көрсетіледі

©instagram.com/hsk.zrinjski/

Бүгін, 11 тамызда қазақстандық "Тобыл" және "Қызыл-Жар" Конференция лигасы үшінші іріктеу раунды аясындағы қарымта матчтерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Астана Аренада" өтетін "Қазыл-Жар" мен АПОЭЛ ойынын Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Басталуы 19:30. Бірінші матчте кипрліктер басым түсті. 

Қостанайда "Тобыл" босниялық "Зриньски" командасымен ойнайды. Бұл матчті де Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан да тамашалауға болады. Басталуы 20:00. Мұнда да бірінші кездесу бойынша қарсыласта аздаған басымдық бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport