Футбол
31 шілде 10:36
 

Конференция лигасындағы "Спарта" – "Ақтөбе" матчына трансляция

  Пікірлер

blog.share

Конференция лигасындағы "Спарта" – "Ақтөбе" матчына трансляция ©"Ақтөбе" ФК

Бүгін, 31 шілдеде "Ақтөбе" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойынын Праганың "Спарта" клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 31 шілдеде "Ақтөбе" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойынын Праганың "Спарта" клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Чехия астанасындағы "Летна" стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazaqstan телеарнасында (сағат 22:50) және Qazsport сайтында (басталуы 00:00-де) көрсетіледі.

Конференция лигасындағы "Спарта" – "Ақтөбе" матчының тікелей трансляциясы

Еске салайық, алғашқы ойында "Ақтөбе" сенсациялық жеңіске жетіп, 2:1 есебімен басым түсті. Қазақстандық клуб сапынан гол авторлары - Даниэль Соса (29-минутта) мен Оралхан Өміртаев (83-минутта). Қонақтардан жалғыз голды 90-минутта Велько Бирманчевич соқты.

Осы текетіресте ұтқан команда үшінші іріктеу кезеңінде армениялық "Арарат-Армения" мен румыниялық "Университатя Клуж" жұбының жеңімпазымен ойнайды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!