Футбол
Бүгін 12:31

Конференция лигасындағы "Партизан" - "Тобыл" матчі толық күйреумен бітті

©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі үшінші раундтың алғашқы матчында Белградтың "Партизанынан" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сербия астанасында өткен кездесу алаң иелерінің 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Алғашқы голды 33-минутта Демба Сек соқты. 65-минутта Зубайру Ибрахим "Тобол" қақпашысы Данил Устименконы тағы да қапы қалдырып, есепті 2:0-ге жеткізді. Кездесудің соңғы нәтижесін 90+4-минутта Шака Траоре белгіледі.


Командалар арасындағы қарымта матч 13 тамызда Қостанайда өтеді.

Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде Испанияның "Хетафесімен" кездеседі. Ал "Партизан" – "Тобол" жұбында жеңілген команда еурокубоктағы жолын аяқтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport