Конференция лигасындағы ойынға байланысты "Шахтердің" Қазақстан кубогіндегі матчі шегерілді

Сурет: "Шахтер" ФК

Қазақстан кубогіндегі "Тараз" - "Шахтер" ойыны 22 қыркүйекке шегерілді. Бұл туралы жамбылдық клубтың Instagram желісінде хабарланған. 

"Қайрат" пен "Шахтер" клубтары "УЕФА Конференция лигасы" турнирінің плей-офф кезеңіне қатысатындықтан және кестенің тығыздығы мен Израильге сапардың ұзақтығына байланысты "Тараз" - "Шахтер" ойыны 22 қыркүйекте өтеді. 

OLIMPBET Кубогі матчтерінің уақыты ары қарай да туындаған жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport