Конференция лигасындағы "Қайраттың" қарсыластары тең ойнады

©azerisport.com

Бакуде Конференция лигасы H тобындағы бесінші тур ойыны өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әзірбайжандық "Карабах" өз алаңында кипрлік "Омониямен" кездесу өткізді. Матч 2:2 есебімен аяқталды. 

"Омония" 43-минутта Михал Дюриштің пенальтиімен есеп ашты, бірақ, екінші тайм басында Парис Псалтис автогол кіргізіп алды. "Карабах" сапынан 88-минутта Патрик Андраде гол салды. Алайда 90-минутта Жорди Гомес есепті теңестіре алды. Ал 66-минуттан бастап "Омония" Кику алаңнан қуылғаннан кейін азшылықта ойнады.

Осы ойыннан кейін "Карабах" 11 ұпай жинап, турнир кестесінде "Базельмен" теңесті, алайда, қосымша көрсеткіштер бойынша жол беріп тұр. 

Бұл топта алматылық "Қайрат" та өнер көрсетіп жүргенін айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport