Конференция лигасындағы "Қайраттың" екінші матчіне тікелей трансляция

30 қыркүйек 2021 14:42
©"Қайрат" ФК

Бүгін түнде алматылық "Қайрат" командасы Конференция лигасы топтық кезеңіндегі екінші матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Құрбан Бердыев жаттықтыратын команда Швейцарияда жергілікті "Базель" клубымен ойнайды. Матчтің басталуы 01:00. 

Ойынды Qazaqstan арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Еске салайық, топтық кезеңнің бірінші айналымында "Базель" әзірбайжандық "Карабахпен" тең түскен (0:0), ал "Қайрат" өз алаңында кипрлік "Омониямен" өзара мықтыны анықтай алмай тарқасты (0:0).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport