Конференция лигасындағы "Қайрат" - "Омония" матчінде кім ұтатыны айтылды

16 қыркүйек 2021 11:16
©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Чума Анне Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі кипрлік "Омониямен" матчке өз болжамын айтты. Оның сөзін "Рейтинг Букмекеров" беріп отыр. 

Бұл ойын бүгін, 16 қыркүйек Алматыда өтеді, басталуы 20:30. Тікелей трансляция мына жерде қолжетімді.

"Алдағы ойын "Қайраттың" Конференция лигасы топтық кезеңін жақсы бастау үшін қажетті. Бұл қазақстандық команда үшін қиын болатынына келісемін, өйткені мұндай турнирге алғаш қатысып отыр. 

Бірінші ойын өз алаңында өтетіні "Қайратқа" басымдық береді. Енді стадион толық болмайтыны алаң иелеріне қалай әсер ететінін білмеймін. Матчті тамашалағысы келетіндердің бәрі келгені жақсы болар еді, дегенмен, "Қайрат" жеңісті ғана көздейді.

Бұл топта қандай командалар барын білмеймін, бірақ, "Қайрат" осы "Омония" сияқты командалармен ойнаса, топтан шығуға мүмкіндігі жақсы. Алдағы ойында "Қайрат" 2:1 есебімен ұтады деп ойлаймын", - дейді Анне. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport