Конференция лигасындағы "Қайрат" қарсыласының құрамы әлсіреді

©"Кишварда" ФК

Конференция лигасында алматылық "Қайраттың" қарсыласы атанған венгриялық "Кишварда" командасының құрамы әлсіреді, деп жазады Nemzeti Sport порталы. 

Клуб Клаудиу Бубба, Херди Пренга және Лазар Чирковичке жаңартылған жаңа келісімшарт ұсынды. Бірақ үшеуі де бас тартып, басқа командаға ауысуды жөн көріпті. 

Сонымен қатар, "Кишварда" командасынан негізгі қақпашы Давид Домбо да кетті. 

Еске салайық, Конференция лигасындағы бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын 21 шілде күні Алматыда, ал жауапты кездесу 28 шілде Кишварда қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport