Конференция лигасында "Зриньскиге" қарсы кездесуде "Тобылдың" негізгі қорғаушысы ойнамайды

©"Тобыл" ФК

Қазақстандық қорғаушы Бағдат Қайыров Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде "Тобылдың" босниялық "Зриньскиге" қарсы кездесуіне қатыспайды. Бұл туралы қостанайлық команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Футболшы сары қағаздың көптігіне байланысты бұл кездесуге қатыспайды. Қайыров КЛ екінші іріктеу кезеңінде "Линкольнге" қарсы жауапты кездесуде үшінші сары қағаз алған болатын. 

Айта кетейік, "Тобыл" мен "Зриньски" арасындағы бірінші кездесу 4 тамыз күні Боснияда, ал жауапты ойын 11 тамыз күні Қазақстанда өтеді. 

Егер "Тобыл" бұл кезеңді бағындырса КЛ плей-офф кезеңінде "Олимпиакос" (Грекия) - "Слован" (Словакия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport