Конференция Лигасы. "Тобыл" Мостарда ұтылды

©hskzrinjski

Қазақстан чемпионы "Тобыл" Конференция Лигасының үшінші іріктеу айналымында босниялық "Зриньски" клубына ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мостардағы матчтың есебі 1:0. Кездесудің 76 минутында Нико Янкович бұрыштамадан допты ойынға қосып, дәл қақпаның ішіне тоғытты. Бір қызығы 55 минуттан бастап алаң иелері сапында Йосип Чорлука қызыл қағаз алған соң босниялықтар бір футболшыға кем ойнаған. Соның өзінде Милан Миланович шәкірттері бұл басымдықты пайдалана алмады. Есесіне 84 минутта "Тобыл" қорғаушысы Жарко Томашевич төрешімен дауласқаны үшін алаңнан қуылды.

Қарымта ойын 11 тамызда қазақ жеріндде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport