1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Кеше 10:14
 

Конференция лигасы финалистері анықталды

  Пікірлер

blog.share

Конференция лигасы финалистері анықталды ©"Челси" ФК

2025/2026 жылғы Конференция лигасының финалистері анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz. Еурокубоктағы маңыздылығы жағынан үшінші турнирдің трофейі үшін Англияның "Кристал Пэлас" және Испанияның "Райо Вальекано" клубтары таласады.

blog.share

2025/2026 жылғы Конференция лигасының финалистері анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz. Еурокубоктағы маңыздылығы жағынан үшінші турнирдің трофейі үшін Англияның "Кристал Пэлас" және Испанияның "Райо Вальекано" клубтары таласады.

Лондондық клуб жартылай финалда Донецкінің "Шахтер" командасынан сенімді түрде басым түсіп, екі матч қорытындысы бойынша 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал екінші жартылай финалда "Райо Вальекано" Францияның "Страсбург" клубына еш мүмкіндік қалдырмады - қос ойын нәтижесінде 2:0 есебі тіркелді.

Турнир финалы 27 мамыр күні Германияның Лейпциг қаласындағы "Ред Булл Арена" стадионында өтеді.

Айта кетейік, Конференция лигасының қазіргі чемпионы - Лондонның "Челси" клубы. Өткен маусым финалында ағылшын командасы Испанияның "Бетисін" 4:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Сонымен қатар, 30 мамыр күні Венгрияның Будапешт қаласындағы "Пушкаш Аренада" өтетін Чемпиондар лигасының финалында франциялық ПСЖ клубы мен Англияның "Арсеналы" кездеседі.

Ал 20 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін Еуропа лигасының финалында Англияның "Астон Вилласы" мен Германияның "Фрайбургы" өзара мықтыны анықтайды.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!