Конференция Лигасының екінші финалисі анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Еуропада футбол клубтары арасында деңгейі жағынан үшінші санаттағы турнир саналатын Конференция Лигасының екінші жартылай финалында "Фейеноорд" пен "Марсель" кездесті. Нидерландыдағы бірінші ойын 3:2 есебімен голландиялықтардың пайдасына аяқталса, Франция жеріндегі қарымта матчта гол соғылмады. Осының арқасында 1970 жылғы Еуропа чемпиондары Кубогінің иегерлері жарыстың финалына шығып отыр.
Енді "Фейеноорд" 25 мамырда Тиранадағы финалда Италияның "Ромасымен" кездеседі.