"Команданы мақтан тұтамын". "Қайрат" шабуылшысы Чемпиондар лигасындағы сәттіліктің кілті не екенін айтты

Сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Хосе Канте Чемпиондар лигасы өз алаңындағы ойында "Црвена Звезданы" ұтқанына қатысты пікір білдірді. 

Іріктеу кезеңінің екінші раундындағы ойын Алматыда өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бұл ойында Канте бірінші голды салды. 

"Команданы мақтан тұтамын! Алаңда бір біріміз үшін айқасып, бүтін бір организм іспеттес ойнағанымызды көру қуантады. Бұл сәттілік кілті!

Гол соға алмаған күні өзімді қатты сынға аламын. Бүгін мен бақыттымын және голымды мақтан етемін. 

Команда, бапкерлер мен клуб қызметкерлеріне браво. Жанкүерлерге де, біз олардың қолдауын сеземіз!

Бүгін және ертең қуанышымызды тойлап, одан кейін "Тұранмен" ойынға дайындалайық, ал одан кейін Сербиядағы қарымта матчке", - деп береді оның сөзін клубтың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, қарымта ойын 29 шілде Белградта өтеді.