"Бавария" футболшылары өздерінің командаластары Садио Мане мен Лерой Зане арасындағы жанжалдан шок болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы "Манчестер Ситимен" ойыннан кейін ("Бавария" 0:3 есебімен ұтылды) Мане шешінетін орында Заненің бетінен ұрып, ернін қанатып тастаған екен. Осы кезде өзгелері футболшыларды ажыратып алған.
Bayern & Germany басылымының твиттеріндегі ақапарт бойынша, "Баварияның" кей ойыншылары Манені сынға алып, оның клубтан кетуін күтіп отыр.