Франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының италиялық қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма командадан кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы әйгілі инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді. Оның дерегінше, 26 жастағы Доннарумма команда құрамына енбегендіктен, алдағы матчқа қатыса алмағандығына қапаланған екен.
Еске салайық, бұған дейін Джанлуиджи Доннарумманың 13 тамыз күні Италияның Удине қаласында өтетін УЕФА Суперкубогі аясындағы "Тоттенхэмге" қарсы ойынға қатыспайтыны хабарланған болатын. Қақпашы матчқа арналған ресми тізімнен шығарылды.
Қазіргі уақытта клуб пен қақпашы арасындағы жаңа келісімшарт бойынша келіссөз тоқтап тұр, әрі жаңа қақпашы Лукас Шевальенің келуі жағдайды ушықтырған. Доннарумманың өзінің шешімі туралы ресми түрде жақын арада мәлімдемек.
Айта кетейік, тарихи болған өткен маусымда Доннарумма ПСЖ-ның негізгі құрамында басты рөл атқарды. Ол барлық турнирлерде 47 матч өткізіп, 17 ойында қақпасын голдан сақтап қалды. Голкипердің қазіргі нарықтық бағасы – 40 миллион еуро.
Сонымен қатар, Джанлуиджи Доннарумма "Алтын доп-2025" жүлдесіне үміткерлер қатарында.
Жарнама