"Команда соңғы орында". Польшалық журналист қазақстандық футболшының еуропалық клубқа өтуіне таңданды

© "Қайрат" ФК
 Қазақстандық футболшы Георгий Жуковтың краковтық "Вислаға" ауысуы польшалық TVP Sport журналисті Куба Локетекті таңдандырды. - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Команда құрдымда, ол көмектеседі". Журналист Қазақстан құрамасы футболшысының польшалық клубқа ауысуы жайлы

"Георгий Жуковтың ауысуы - "Висланың" үлкен трансферлік шешімі. Қазір команда жағдайы мәз емес, дегенмен, өз сапын осылай күшейте алды. Ол өте талантты футболшы, Қазақстанның "Астана" мен "Қайрат" сияқты мықты командаларында ойнаған. Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде ойын тәжірибесі бар. Статситикасына қарағанда биыл да жаман ойнамаған. 

Осыған байланысты оның польшалық чемпионатқа ауысуы күтпеген жағдай. "Висла" ұсынысын неге қабылдағанын түсіндіре алмаймын. Команда соңғы орында келеді. Бірақ екінші жағынан бұл өзін көрсетуге жақсы мүмкіндік", - дейді Локтек.