"Команда құрдымда, ол көмектеседі". Журналист Қазақстан құрамасы футболшысының польшалық клубқа ауысуы жайлы

© ҚФФ
Польшалық журналист Томаш Влодарчик Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың краковтық "Вислада" мүмкіндігі қандай екенін және жаңа клбупен келісімшартқа қашан қол қоятынын айтты.

"Қайраттың" хавбегі еркін агент ретінде Польшаға көшті.

"Бүгін ол медициналық тексерістен өтеді, осыдан кейін "Висламен" келісімшартқа қол қояды. Команда қазір нашар күйде. Олар жеңіліс бойынша антирекордын орнатты, сондықтан ол көмектесе алады. Қазір кез келген трансфер олар үшін ұтымды", - дейді Влодарчик.