Команда жеңісі мен рекорд. Хет-трик жасаған Месси әйгілі Пеледен асып түсті

10 қыркүйек 2021 09:34
©planetfootball.com

Аргентина 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчінде өз алаңында Боливияны ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Буэнос-Айресте өткен кездесу 3:0  есебімен аяқталды. Үш голды да ПСЖ форварды Лионель Месси салды. 

Осы хет-триктің арқасында Месси оңтүстікамерикалық құрама үшін салған голдар бойынша рекорд орнатып, Пеледен асып түсті. Пеле Бразилия үшін 77 гол салған болса, Мессиде 79 доп.

Бұл турнирдің кестесінде Аргентина екінші келеді, алда Бразилия құрамасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар