Футбол
29 наурыз 2019 10:23
 
"Команда ақшасын қалтасына кім басып алғанын білем". Сидельников сотқа берген арызы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Команда ақшасын қалтасына кім басып алғанын білем". Сидельников сотқа берген арызы жайлы © "Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" ФК бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников клубты сотқа бергенін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Былтыр қаңтарда карьерасын аяқтаған футболшы бұрынғы командасынан 25 миллион теңге өндіріп алмақ. Бұл сомаға жалақы бойынша қарыз, мерзімінен кешіккені үшін өсімақы және қолданылмаған еңбек демалысының өтемақысы кіреді.

Қақпашы өзінің Instagram парақшасында сотқа жүгінгенін растады.

"Иә, "Ақтөбе" футбол клубын сотқа бердім. Өзімнің адал жолмен тапқан жалақымды сұрап отырмын! Бұл клубқа тоғыз жылымды арнадым, жақындарымнан алыста тұрдым, денсаулығымды құрттым. Адал тапқан қаржымды ешкімге бере салмаймын. 2017 жылы команданың ақшаны қалтасына кім басқанын білемін.

2018 жылы қаңтарда мансабымды аяқтаған соң клуб басшылығына маған қарыз ақшаны талап ететінімді бірден айттым. Олар "ақшаны тек сот арқылы аласың" деп жауап берді. Бәріне әділдік тілеймін", - деп жазды Сидельников.

Айта кетейік, "Ақтөбе" үстінен шағым түсірген жалғыз Сидельников емес. Биыл ақпанда ФИФА нигериялық қорғаушы Айоделе Аделейенің алдындағы қарызы үшін "Ақтөбеден" алты ұпай алып тастаған.

Кейін клубтың бұрынғы форварды Неманья Николичтің арызынан соң федерация "Ақтөбеден" тағы үш ұпай алды.

Жарнама

Живи спортом!