"Қолымнан келеді деп ойламадым". "Реал" қақпасына гол соққан өзбек ойыншысы эмоциясымен бөлісті

29 қыркүйек 2021 19:24
©Lutfije Vađačević

"Шериф" шабуылшысы Жасур Яхшибоев "Сантьяго Бернабаудегі" ойыннан кейін пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz басылымы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бала күнімнен "Реалға" қарсы ойнауды армандаушы едім. Кешегі кездесуде корольдік клубқа қарсы ойнап қоймай, гол соқтым. Расымен гол салғым келген. Алайда іс жүзінде қолымнан келеді деп ойламадым", - дейді өзбек футболшысы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, D тобында екі матчтың қорытындысы бойынша Шериф 6 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Тағы бір қызық мәлімет, "Қайрат" пен "Шериф" Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу айналымында кездесуі мүмкін еді. Дегенмен, алматылықтар қос матчта Сербияның әйгілі "Црвена Звездасына" есе жіберіп, жарысты Еуропа Лигасында жалғастырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар