Колумбиялық Роджер Каньяс "Шахтер" командасымен келісімшарт жасайды
Колумбиялық жартылай қорғаушы Роджер Каньяс келесі маусымды "Шахтер" сапында өткізеді. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.
Колумбиялық жартылай қорғаушы Роджер Каньяс келесі маусымды "Шахтер" сапында өткізеді. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.
Жуық арада колумбиялық жартылай қорғаушы қарағандылық клубпен келісімшарт жасауы керек.
31 жастағы негізгі жартылай қорғаушы Қазақстандағы карьерасын осы "Шахтер" сапында бастаған болатын. Ол қарағандылық командамен 2013 жылы Еуропа лигасында өнер көрсетті.
"Шахтерде" өткізген екі маусымнан кейін Каньяс "Астана" сапына ауысып, елордалық команда сапында 3,5 жыл ойнады. Кейін ол кипрлік АПОЭЛ, солигорлік "Шахтер" командаларында өнер көрсетті. Содан соң қайта Қазақстанға келіп, "Ордабасы" мен "Шахтер" сапында бағын сынады. Дегенмен соңғы бес жылда оның ойыны керемет деп айтуға келмейді.
Осылайша, "Шахтер" командасы легионерлерді толық жасақтады. Олар - Иван Граф (Хорватия), Абдель Азиз Ламанж (Франция), Стефан Букорац (Сербия), Эдин Рустемович пен Джордже Чосич (екеуі де - Босния және Герцеговина), Дарко Зорич (Черногория), Николай Ковталюк (Украина) және Рохер Каньяс (Колумбия).
Жарнама