Колумбиялық футболшы 22 жасында өмірден озды

©AFA/Twitter

29 қараша күні 22 жастағы колумбиялық футболшы Андрес Баланта өмірден озды. Бұл туралы ESPN телеарнасы хабарлады.

Белгілі болғандай ол аргентиналық "Атлетико Тукуман" командасының сапында жаттығу кезінде есінен танып қалған. Дәрігерлер ауруханаға жедел түрде жеткізгенімен, ойыншы сол күйі ес жимай көз жұмды.

Баланта 2021 жылдың жазында Колумбияның "Депортиво Кали" командасынан "Атлетико Тукуман" сапына ауысқан еді.

"Өкінішке қарай, Андрес Балантаның көз жұмғанын хабарлаймыз. Біз оның отбасын, достары мен клубтастарына сабыр тілейміз", - делінген клубтың ресми сайтында.

Еске салайық, Андрес Баланта Индонезияда өткен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында Колумбия құрамасының намысын қорғады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар