| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:56
 

Колумбия Өзбекстанға ӘЧ-2026-ның плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік берді

  Пікірлер

blog.share

Колумбия Өзбекстанға ӘЧ-2026-ның плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік берді ©FIFA

Колумбия құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Колумбия құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Гвадалахара қаласында өткен матчта колумбиялықтар Конго құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды 76-минутта Даниэль Муньос соқты.

Осы жеңістен кейін Колумбия алты ұпай жинап, K тобының көшін бастады. Одан кейін Португалия (4 ұпай), Конго (1 ұпай) және Өзбекстан (0 ұпай) орналасқан.

Топтық кезеңнің соңғы турында, 28 маусым күні, Колумбия Португалиямен кездессе, Конго Өзбекстанға қарсы ойнайды.

Өзбекстан құрамасының плей-оффқа шығу мүмкіндігі әлі де сақталып отыр. Себебі келесі кезеңге топта алғашқы екі орын алған командалардан бөлек, үшінші орын алған сегіз үздік құрама да жолдама алады.

Бұған дейін әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне Мексика, АҚШ, Германия, Аргентина, Франция және Норвегия құрамалары шыққан болатын.

Ал Панама, Түркия, Тунис, Гаити және Иордания құрамалары турнирдің келесі кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!