"Қолдаушыларды тағы қуантуымыз керек". "Қайрат" ойыншысы "Маккабиге" салған голды отбасына арнады

Сурет: mhaifafc.com

Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі "Маккабиге" қарсы матчте салған голын отбасына арнағанын айтты. Клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында ол ойын кезіндегі атмосфераны да сөз етті. 

"Құттықтаулар үшін бәріне рахмет. Гол салғаныма қуаныштымын. Оны жақындарыма: мені стадионда қолдап отырған әкеме, інім мен қарындасыма арнаймын. Өз алаңында және осындай атмосферада ойнау - айтып жеткізе алмайтын сезім.

Матчтен кейін қала мен команда үшін мақтаныш сезімі оянды. Әріптестер мен жанкүйерлерге тамаша матч үшін алғыс білдіремін. Енді "Каспиймен" кубоктағы ойынға дайындалу қажет, ол кезде қолдаушыларымызды тағы бір қуанытуымыз керек", - дейді Айбол. 

Жаңалықтар