Колашинац Франция чемпионатына ауысты

ом.fr

Босния және Герцеговина құрамасының қорғаушысы Сеад Колашинац "Марсель" клубына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойыншы француз командасымен 1,5 жылдық келісімшарт жасасқан. Ішкі чемпионатта 20 матч өткізген "Марсель" әзірге 37 ұпаймен үшінші орында келеді. Ал 50 ұпайы "ПСЖ" көш бастап тұр. 

Еске салайық, босниялық қорғаушы осыған дейін "Арсенал" сапында Англия Суперкубогін 2 рет иеленді. Англия Кубогін ұтып, Еуропа Лигасының финалына дейін жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: