"Көктен түскен сый". "Барселона" Мессидің орнын басатын футболшы тапты

©Reuters

"Барселонаның" бас бапкері Хави команданың шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгті жоғары бағалады, деп жазады ESPN порталы. 

Кеше каталониялық команда Испания чемпионатында "Осасуна" командасын 4:0 есебімен жеңді. Бұл ойында Обамеянг бір гол соқты. 

"Обамеянг "Барселонаға" көктен берілген сый болды. Әңгіме тек оның голдары жайында емес. Оның жаттығуында да емес. Ол нағыз кәсіпқой. Пьер барлық футболшы бой түзейтін адам", - деді Хави. 

Ал "Барселонаның көп жылдар бойы көшбасшысы болған Лионель Мессиді кеше ПСЖ жанкүйерлері балағаттап тастады. Енді ол Каталонияға қайта оралады деген әңгіме де бар. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Барселона" Испания біріншілігінде үшінші сатыда келеді. Бұл команданың еншісінде 51 ұпай. Бірінші сатыға "Реал" жайғасқан. Мадридтік команда 12 ұпай алда. 

Енді келесі турда, 20 наурыз күні Мадрид қаласында "Реал" мен "Барселона" кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport