"Кімнің қожайын екенін көрсетеміз". "Ференцварош" капитаны "Тобылмен" ойын жайлы

©Ференцварош ФК

"Ференцварош" капитаны Денес Дибуш Чемпиондар Лигасында "Тобылмен" өтетін қарымта ойын алдында пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі."

"Өз алаңымыз әрқашан басымдық береді. Әсіресе стадионда жанкүйерлер көп болып отырса керемет. Дүйсенбі күні келіп жаңа төсенішті көрдік. Сапасы жақсы екен. Командаға жаңа қосылған ойыншыларға қатты ұнапты. Алдағы матчты тағатсыздана күтіп отырмыз. Жанкүйерлерге жақсы көңіл-күй сыйлаймыз деген үміттемін. Біздің негізгі мақсатымыз – "Тобыл" ойыншыларына келесі кезеңге шығу туралы ойларын бір секунд та жүзеге асырмау. Әрине алғашқы кездесуде кез-келген есеп тіркелуі мүмкін еді. Бірақ өз үйімізде кімнің қожайын екенін көрсетеміз. Пенальти сериясы болғанын қаламаймыз. Негізгі уақытта ұтқымыз келеді. Алайда жағдай соған тіресе амалсыз көнеміз. Ең бастысы қайткен күнде Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуымыз керек", - дейді Дибуш.

Еске салайық, "Ференцварош" пен "Тобыл" матчы бүгін түнде елорда уақытымен 00:00-басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport