Клубтық деңгейдегі әлем чемпионатының бірінші финалситі анықталды

©Vseprosport

Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" командасы бразилиялық "Фламенгоны" ұтып, футболдан клубтық деңгейдегі әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мароккодағы жарыстың жартылай финал ойыны Танжере қаласында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Салем Әл‑Давсари дубль жасады (4 пен 45-минутта, пенальти) және Лусиано Виетто (70-минутта) гол салды. Ұтылған командадан Педро (20 және 90+1-минутта) дубль авторы атанды.

Айта кетейік, Жерсон бірінші тайм соңында алаңнан қуылғандықтан, матчтің екінші бөлігін толықтай бразилиялықтар азшылықта ойнады. 

Енді финалда "Әл-Хиләл" 9 ақпан өтетін мысырлық "Әл‑Ахли" мен мадридтік "Реал" матчінің жеңімпазымен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар