Футбол
14 шілде 09:41

Клубтық әлем чемпионатының финалында сенсация болды

©ПСЖ ФК

Лондондық "Челси" клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында сенімді жеңіске жетті. Команда ақтық ойында Францияның "Пари Сен-Жермен" командасына еш мүмкіндік қалдырмады – 3:0, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында орналасқан "Метлайф" стадионында өткен матчте лондондықтар ұйымдасқан, әрі шебер ойын көрсетіп, матчты толық бақылауда ұстады.

Кештің басты қаһарманы Коул Палмер болды. Жартылай қорғаушы алғашқы таймда небәрі сегіз минут ішінде дубль жасап үлгерді (22', 30-минуттар) - оның салқынқанды ойыны "Челси"-дің ерте есеп ашуына және қарсыласын қысымға алуға мүмкіндік берді. Ал 43-минутта Жоао Педро есепті 3:0-ге жеткізіп, "ПСЖ"-нің қақпасына үшінші голды соқты. 

Екінші таймда ойын қарқыны төмендеді. "ПСЖ" командасының ойында серпін де, тактикалық шешім де болмады - олар матчтың бағытын өзгерте алмады. 85-минутта париждіктер сапында Жоао Невеш алаңнан қуылды - ол спортқа сай емес әрекеті үшін бірден қызыл қағаз алып, командасын толықтай үмітсіз күйге түсірді.


Айта кетейік, "Пари Сен-Жермен" бұл финалға сөзсіз фаворит ретінде келген болатын. Олар өткен маусымда қатысқан барлық турнирлерде жеңіске жетіп, клуб тарихындағы алғашқы Чемпиондар лигасының кубогін де иеленген. Ал "Челси" бұл турнирдің басты фавориттері қатарында саналмаған - АПЛ-де төртінші орын алып, маусымды Конференция лигасындағы жеңіспен аяқтаған еді.

 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport