Футболдан клубтар арасындағы Әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Плей-оффқа берілетін 16 жолдаманың 14-і өз иесін тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалға Еуропадан 8 команда жолдама алып үлгерді. Оңтүстік Америка құрлығынан 4 команда шықты. 4-і де Бразилия елініің клубтары. КОНКАКАФ-тан екі команда шықты. Олар – "Интер Майами" (АҚШ) мен "Монтеррей" (Мексика).
?️ @Botafogo
— FIFA Club World Cup (@FIFACWC) June 25, 2025
?️ @Flamengo
?️ @FluminenseFC
?️ @Palmeiras
All four Brazil teams are moving on to the #FIFACWC Round of 16. ?? pic.twitter.com/jfmSgJAVa7
Бүгін түнде жолдама алған тағы екі команда белгілі болады. "Н" тобында бұл екі орынға "Реал Мадрид", "Ред Булл Зальцбург" және "Әл-Хилал" командалары таласады. Ал "Ман Сити" мен "Ювентус" екі турдан кейін-ақ жолдама еншілеп қойған болатын.
Осылайша 1/8 финалдың алты жұбы белгілі болды
"Палмейрас" – "Ботафого"
"Бенфика" – "Челси"
ПСЖ – "Интер Майами"
"Фламенго" – "Бавария"
"Интер" – "Флуминенсе"
"Боруссия" – "Монтеррей"
Жарнама