"Астананың" бұрынғы қорғаушысы Дмитрий Шомко премьер-лиганың 15-ші тур матчін тамашалады, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Еске салайық, "Астана" мен "Тобыл" арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын. Турнир кестесінде "Астана" бірінші, ал қостанайлықтар екінші келеді.
Үзіліс кезінде Шомко камера обьективіне түсіп қалды. "Астана Аренаның" вип орнында ол астаналық команданың бұрынғы басшысы Вячеслав Бегуновпен бірге отырды.
Қазіргі таңда футболшы командасыз. Ол Ресей премьер-лигасынан шығып қалған волгоградтық "Ротордан" келісімшарты аяқталып кеткен болатын. 30-маусымнан бастап ол еркін агент атанады.