2026 жылғы 25 қыркүйек - Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні
Футбол
Бүгін 10:54
 

Клопп пен Хавидің бірінші матчінде Нидерланды мен Германия тең түсті

  Пікірлер

blog.share

Клопп пен Хавидің бірінші матчінде Нидерланды мен Германия тең түсті ©x.com/OnsOranje

Нидерланды мен Германия құрамалары Ұлттар лигасының бірінші турында тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz. Амстердамда өткен кездесу екі команда үшін де жаңа бас бапкерлер - Юрген Клопп (Германия) пен Хави (Нидерланды) жетекшілігіндегі алғашқы матч болды.

blog.share

Нидерланды мен Германия құрамалары Ұлттар лигасының бірінші турында тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz. Амстердамда өткен кездесу екі команда үшін де жаңа бас бапкерлер - Юрген Клопп (Германия) пен Хави (Нидерланды) жетекшілігіндегі алғашқы матч болды.

Нидерланды 13-минутта-ақ есеп ашуы мүмкін еді. Бұрыштан берілген пастае кейін Вирджил ван Дейк баспен соққы жасап, допты қақпаға бағыттады. Алайда Брайан Броббидің немістердің голкипері Марк-Андре тер Штегенге қарсы ереже бұзғаны анықталып, гол есепке алынбады.

Германия 32-минутта дегеніне жетті. Феликс Нмеча қайтарылған допқа бірінші жетіп, оны қақпаға бағыттап, алаң иелерін алға шығарды.

Матчта жарақат алған футболшылар көп болды. Ойын басталмай тұрып-ақ Джамал Мусиала қыздырыну кезінде жарақат алып қалды. Ал бірінші таймда қос команданың да шабуылшылары - Кай Хаверц пен Брайан Бробби - кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Нидерландтар қосымша уақытта есе қайтарып, жеңілістен аман қалды. 90+2-минутта Коди Гакпо ұшып келген допты бірден теуіп, есепті теңестірді.

Екінші турда Нидерландтар 27 қыркүйекте сырт алаңда Сербиямен кездеседі. Сол күні Германия өз алаңында Грекиямен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!