Футбол
1 қазан 2021 20:19

"Клопп маған көмектесті". Хосеп Гвардиола неміс маманының ықпалы жайлы

©sports.ru

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола әлемдегі мықты футбол мамандарының бірі болуына Юрген Клопптың ықпалы болғаны жайлы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Клопп маған көп көмектесті. Оның жаттықтырған командалары менің мықты бапкер болуыма септігін тигізді. Мен жоғары санаттағы жаттықтырушы ретінде Юргеннің арқасында қалыптастым. Себебі оның командаларын алаңда ұту үшін көп іздендім. Юрген Клопп секілді футбол әлемінде бірнеше маман бар. Сондай мамандармен бір толқында болу үшін әрдайым ізденісте болуың керек", - дейді Гвардиола Manchester Evening News басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" арасындағы Англия чемпионатының  7-тур ойыны 3 қазанда өтеді.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport