Клопп әлемдегі ең мықты футболшыны атады

26 желтоқсан 2022 17:08
©Ливерпуль ФК

"Ливерпуль" бас бапкері Юрген Клопп Англия чемпионатының 17-турында "Астон Вилламен" матчі алдында аргентиналық қақпашы Эмилиано Мартинестің әлем біріншілігінде Килиан Мбаппеге көрсеткен бейәдеп қылығына қатысты пікір білдірмеді. Керісінше тағы бір аргентиналық футбошы Лионель Мессидің керемет ойынына тамсанғанын айтты.

Матч 26 желтоқсанда Бирмингем қаласындағы "Вилла Парк" аренасында өтеді.

"Ол туралы (Мартинестің іс-әрекеті жайлы) ешнәрсе айтқым келмейді. Аргентина құрамасының әлем чемпионатын жеңуімен құттықтаймын. Мен өмірімде көрген ең әдемі ойындардың бірі болды. Оңтүстік америкалықтар бұл жеңіске әбден лайық. Ал Месси болса менің өмірімдегі ең ұлы ойыншылардың бірі. 35 жасында жоғары деңгейде доп тебе алатынын дәлелдеді", - деді Клопп.

Еске салайық, Қатардағы мундиальда Аргентина финалда Францияны пенальти сериясында ұтып, өз тарихында үшінші рет әлем чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport