Штеффен Баумгарт команданың жаттығуына ерекше костюммен келді. Неміс маманы жалғыз мүйіз бен шошқа кейпінде келіп, көпшілікті таң қалдырды.
Баумгарт бұл әрекеті 11 қарашада Германияда басталған Рейн карнавалына арналады екен. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жазылған. Бапкерлік штабтың басқа да өкілдері және ойыншылардың біразы да бір-бірінің көңілін көтеру мақсатында әртүрлі костюм киіп келген.
Еске салайық, Баумгарт "Кёльнді" биылғы жылдың 1 шілдесінен бері жаттықтырып келеді. Әзірге Бундеслигадағы 11 турдың қорытындысы бойынша оның командасы турнир кестесінде 14 ұпаймен 11-орынға жайғасқан.