auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 705 18 999 35
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

ҚКФЛ Президенті Қарағанды қаласының футбол инфрақұрылымын сынға алды

ҚКФЛ Президенті Қарағанды қаласының футбол инфрақұрылымын сынға алды
©ҚКФЛ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Рохус Шох жұмыс сапарымен Қарағандыға сапар жасап, қаланың футбол инфрақұрылымымен танысты.

Сапар барысында Рохус Рохусович өткен жылы толықтай қайта құру жұмыстары жүргізілген, сонымен қатар жасанды төсеніші ауыстырылған "Шахтер" стадионына барды. Кейін ол Майқұдық шағын ауданында орналасқан "Литейщик" және Қарағанды сұрыптау станциясының "Локомотив" стадиондарын қарады.

"Шахтердың" қосалқы алаңында Футбол ораталығының түлектерінің жаттығуларын тамашалап, содан кейін орталықтың бапкерлер құрамымен кездесу өткізді. Аталмыш кездесуде клуб басшылығымен бірлесіп, бапкерлердің өңірдегі футболды дамытуға қатысты ұсыныстары тыңдалды.

Сапарды лига басшысы Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында өткен "Шахтер" - "Ақжайық" ойынын тамашалаумен аяқтады.

"Қарағанды — бұл футбол дәстүрі сақталған қала. Жергілікті командада әрқашан клуб түлектері өнер көрсетеді, жанкүйерлер стадион трибуналарын толтырып, ойындарға аса қызығушылықпен барады. Қазіргі таңда әкімдік өңірде футболды дамыту үшін көп жұмыс атқаруда, бірақ, өкінішке орай, көңіл қуантпайтын мәселелер бар. Қазіргі уақытта орталық стадионда алаңды жылыту жүйесі толық жұмыс істемейді, балалар мен жасөспірімдер футболына арналған ең жақсы инфрақұрылым емес. 21 ғасырда балалар футболмен осындай жағдайда айналыспауы керек. Қарағанды облысының әкімі спорт пен футболды жақсы көретінін білемін, атап айтқанда, спорттың халықтың әлеуметтік өміріндегі маңызын түсінеді. Сондықтан жағдай жақын арада шешімін табады деген үміттемін. Бұл салада көп жұмыс істеу керек, егер балаларға жағдай жасалмаса, онда болашақ болмайды. Мәселенің түбіне қарау керек. Қарағанды секілді үлкен қалада өрістер пайда болуы керек, балалар маусым бойы жақсы жағдайда жұмыс істей алатындай толық өлшемді манеж болуы керек, себебі олар өздерінің жаттығу процесін алты ай бойы жабық залдарда өткізуге мәжбүр. "Шахтер" футбол клубының басшысы Ерлан Оразаевты атап өткім келеді, ол кәсіби ойыншы, сондықтан барлық мәселелерді ішінен біледі. Бұл оған балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған сауатты жұмыс жасауға көмектеседі. Бірақ бір клубқа аймақтағы жағдайды түбегейлі өзгерту қиын болады, биліктің қолдауы қажет. Алдағы уақытта өңір басшылығы бұл мәселеге толығымен назар аударады деген сенемдемін", - деді ҚКФЛ Президенті.

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама