ҚКФЛ Павел Демянды марапаттады
28 наурызда өткен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің жалпы жиналысында клубтардың шешімімен лиганың спорттық директоры Павел Станиславович Демянға ҚКФЛ құрметті қайраткері атағы берілді, деп жазады лиганың ресми сайты.

Павел Станиславович "Химик" (Степногорск), "Целинник", "Спартак" (Тамбов), "Болат" (Теміртау) командаларында ойнаған. Өз мансабында ол қарсыластар қақпасына 174 гоғып, беделді жетістікке жетті.
100-ден астам гол соққан Қазақстанның үздік сұрмергендірінің тізімінде ол 9-орында. Павел Станиславович — 1984 жылғы КСРО Екінші лигасының жеңімпазы, 1989 жылғы КСРО Екінші лигасының қола жүлдегері.
Мансабын аяқтағаннан кейін "Химик" командасының бас бапкері, "Жеңіс" жасөспірімдер командаларының бапкері, "Еуразия" (Астана) командасының бас бапкері болып қызмет атқарды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан футбол федерациясының ҚФЛ жетекші маманы, содан кейін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы төрағасының орынбасары және спорт директоры болып қызмет атқаруда.
Жарнама