ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

©ҚКФЛ

Клубтар шешімімен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті қызметіне Рафаэль Гарибян сайланды, деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда дүниеге келген Гарибян менджерлік карьерасын "Цесна" клубында бастаған. Сонымен бірге, ол "Қайрат" клубында түрлі қызметте болды және "Шахтерде" де басшылық қызметтерде еңбек етті. 

2009 жылы Рафаэль "Спорт менеджменті және футбол бизнесі" мамандығы бойынша Лондонда білім алып келді. 

Ал ҚКФЛ-дің бұрынғы басшысы Рохус Шох лига президентінің кеңесшісі қызметіне өтті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: