| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:18
 

"К...ке отырдық". Мбаппе Францияның ӘЧ-2026-ден шығып қалуына қатысты

  Пікірлер

blog.share

"К...ке отырдық". Мбаппе Францияның ӘЧ-2026-ден шығып қалуына қатысты ©instagram.com/equipedefrance

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испаниядан ұтылғандарына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz инсайдер Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

blog.share

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испаниядан ұтылғандарына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz инсайдер Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Матчтан кейін Франция құрамасының капитаны команда алға қойған міндеттерді орындай алмағанын және тым көп техникалық қателік жібергенін мойындады.

"Біз техникалық қателік көп жасадық. Мұндай әлем чемпионатының жартылай финалы деңгейінде болмайды. Біз ойын жоспарын жүзеге асыра алмадық. Әлем чемпионатының жартылай финалында орындауға тиіс дүниелерді атқармасаң, жеңіске жете алмайсың. Біз арманымызға жетіп, финалға шығу үшін қажет болғанның бәрін жасай алмадық", – деді Мбаппе.

Форвардтың айтуынша, Франция құрамасы қарсылас командаға қарсы қысымды да дұрыс ұйымдастыра алмаған.

"Ойынның басынан-ақ үшеуміз екі ойыншыға қарсы прессинг жасадық... дәл сол жерде қателестік. Испанияға қарсы әр ойыншы өз қарсыласын жеке бақылап, бір-біріне қарсы прессинг жасауы керек еді. Біздің допқа жанасуларымыз да, алаңдағы қозғалысымыз да әлем чемпионатының жартылай финалы деңгейіне сәйкес келмеді", – деп түйіндеді Франция құрамасының капитаны.

Еске салайық, Франция құрамасы Испаниядан 0:2 есебімен ұтылып, әлем чемпионатының финалына өту мүмкіндігінен айырылды. Енді францилықтар турнирдің қола жүлдесі үшін өтетін матчта бақ сынайды.

Ал Испания құрамасы финалда Англия мен Аргентина арасындағы жартылай финал жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!