"Қиын болады". Жартылай қорғаушы Конференция Лигасында "Қайраттың" тобындағы фаворитті атады

©сурет: fckairat.com

Черногория құрамасының жартылай қорғаушысы Небойша Косович Конференция Лигасында Н тобының фаворитін атады, деп жазады Vesti.kz тілшісі azerisport.com сайтына сілтеме жасап.

"Біздің топта барлық командалар мықты. Барлық ұжымның келесі айналымға шығатын мүмкіндігі бар. "Карабах" өз чемпионатында жыл сайын жоғары орындардан көрініп келеді. Еуропада да жақсы өнер көрсетеді. Әзербайжандық команданың топтан шығу әлеуеті жоғары. Сонымен қатар, Марко Вешовичке қарсы ойнау қызық болайын деп тұр. Біз Маркомен Черногория құрамасының сапында жуырда кездесетін боламыз. Міндетті түрде Конференция Лигасы жайлы әңгімелесеміз. "Қайраттың" да плей-офф раундына шығатын мүмкіндігі зор. Ол үшін біз алаңда мықты екенімізді көрсетуіміз керек. Біздің топтың фавориті "Базель" деп айтар едім", - дейді Косович.

Еске салайық, "Қайрат" өз тобында "Базель", "Карабах" және "Омония" клубтарымен өзара мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: